Балалар лагерьлеріне алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізіледі - министрлік

Лагерьлерде сондай-ақ бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетілуі тиіс
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір-Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды күшейту үшін балалар лагерьлерін "кенеттен" тексеру форматына көшетінін хабарлады.
Іс-шаралар кешені балалардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуге бағытталған, дейді министрлікте.
Негізгі талаптарға қоршалған аумақтың болуы, үздіксіз сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, жарықтандыру және желдету кіреді.
"Барлық үй-жайлар таза жағдайда ұсталуы тиіс, рұқсат етілген дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуі қажет. Лагерьлерде сондай-ақ бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетілуі тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Бұл ретте тексерулер алдын ала ескертусіз жүргізіледі, бұл лагерьлердің нақты жағдайын объективті бағалауға және дайындықтағы формалдылықты болдырмауға мүмкіндік береді.
Министрлік лагерь иелеріне нысандарды алдын ала дайындау, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, персоналға қойылатын талаптарды сақтау және белгіленген сыйымдылықтан асырмау қажеттігін ескертті.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, биыл 199 лагерь, оның ішінде 20-сы – жыл бойы, 179-ы – маусымдық жұмыс істейді.
Министрлік буллингке қатысты әрекет етудің нақты мерзімін бекітті