https://sputnik.kz/20260427/balalar-lagerlerine-aldyn-ala-eskertusiz-tekseruler-zhurgiziledi---ministrlik-63002669.html
Балалар лагерьлеріне алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізіледі - министрлік
Балалар лагерьлеріне алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізіледі - министрлік
Sputnik Қазақстан
Лагерьлерде сондай-ақ бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетілуі тиіс 27.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-27T14:42+0500
2026-04-27T14:42+0500
2026-04-27T14:48+0500
балалар
министрлік
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45773716_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_7b37802dd4cd629958ddd94c46a588ef.jpg
АСТАНА, 27 сәуір-Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды күшейту үшін балалар лагерьлерін "кенеттен" тексеру форматына көшетінін хабарлады.Іс-шаралар кешені балалардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуге бағытталған, дейді министрлікте.Негізгі талаптарға қоршалған аумақтың болуы, үздіксіз сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, жарықтандыру және желдету кіреді.Бұл ретте тексерулер алдын ала ескертусіз жүргізіледі, бұл лагерьлердің нақты жағдайын объективті бағалауға және дайындықтағы формалдылықты болдырмауға мүмкіндік береді.Министрлік лагерь иелеріне нысандарды алдын ала дайындау, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, персоналға қойылатын талаптарды сақтау және белгіленген сыйымдылықтан асырмау қажеттігін ескертті.Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, биыл 199 лагерь, оның ішінде 20-сы – жыл бойы, 179-ы – маусымдық жұмыс істейді.
https://sputnik.kz/20260427/ministrlik-bullingke-qatysty-areket-etu-merzimin-bekitti-62999824.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45773716_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_f6e3dc8b6698215c1c9c5665d2944812.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, министрлік, тексеріс
балалар, министрлік, тексеріс
Балалар лагерьлеріне алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізіледі - министрлік
14:42 27.04.2026 (жаңартылды: 14:48 27.04.2026) Лагерьлерде сондай-ақ бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетілуі тиіс
АСТАНА, 27 сәуір-Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды күшейту үшін балалар лагерьлерін "кенеттен" тексеру форматына көшетінін хабарлады.
Іс-шаралар кешені балалардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуге бағытталған, дейді министрлікте.
Негізгі талаптарға қоршалған аумақтың болуы, үздіксіз сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, жарықтандыру және желдету кіреді.
"Барлық үй-жайлар таза жағдайда ұсталуы тиіс, рұқсат етілген дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуі қажет. Лагерьлерде сондай-ақ бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетілуі тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Бұл ретте тексерулер алдын ала ескертусіз жүргізіледі, бұл лагерьлердің нақты жағдайын объективті бағалауға және дайындықтағы формалдылықты болдырмауға мүмкіндік береді.
Министрлік лагерь иелеріне нысандарды алдын ала дайындау, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, персоналға қойылатын талаптарды сақтау және белгіленген сыйымдылықтан асырмау қажеттігін ескертті.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, биыл 199 лагерь, оның ішінде 20-сы – жыл бойы, 179-ы – маусымдық жұмыс істейді.