Министрлік буллингке қатысты әрекет етудің нақты мерзімін бекітті

© Sputnik / Владислав ВодневМобильді телефон
Мобильді телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Жазылу
Тағы бір басты жаңалық — әрбір жағдай бойынша жұмыс жасайтын кейс-менеджерлер енгізілуі
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда балаларды қорғаудың бірыңғай ведомствоаралық регламенті мен кейс-менеджерлер институты енгізіліп жатыр, деп хабарлады оқу-ағарту минитсрлігі.
Яғни, елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік пен жәбірлеу деректеріне дер кезінде әрекет етудің бірыңғай ведомствоаралық алгоритмі бекітілді.
"Құжатта алғаш рет полиция, білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері мен қорғаншылық органдарының жауапкершілік аясы нақты бөлінген. Енді бала құқығының бұзылуы туралы кез келген ақпарат белгіленген мерзімдер мен жауапты тұлғалар бекітілген міндетті іс-қимылдар тізбегін іске қосады", - деп жазылған хабарламада.
Маңызды өзгеріс — бұдан былай мемлекеттік қорғау мен міндетті сүйемелдеу тек зорлық-зомбылық көрген балаларға ғана емес, соған куә болған балаларға да беріледі.
Тағы бір басты жаңалық — әрбір жағдай үшін дербес жауапкершілікті қамтамасыз ететін кейс-менеджерлер институтының енгізілуі. Яғни, анықталған әрбір оқиға бойынша арнайы маман бекітіледі.
"Ол барлық қызметтердің жұмысын үйлестіріп, баланың құқығы толық қалпына келгенше оған қолдау көрсетеді. Мұндай тәсіл ведомстволар арасында жауапкершіліктің иесіз қалуын болдырмайды және зардап шеккен балаға үздіксіз көмек берілуін қамтамасыз етеді", - дейді министрлікте.
Сонымен қатар қағидада алғаш рет әрекет етудің нақты мерзімдері бекітілді.
"Мәселен, ақпарат құзырлы органдарға дереу жеткізіледі, 1 сағат ішінде мәліметтер бала құқықтарын қорғау органына жіберіледі, 1 жұмыс күні ішінде кейс-менеджер тағайындалып, баланың өмір сүру жағдайы тексеріледі. Ал материалдарды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға тапсыру үшін 3 жұмыс күнінен аспайтын уақыт беріледі", - деп хабарлады министрлікте.
Енді ресми өтініштермен қатар, балалардың өздерінен түскен белгілер, "111" байланыс орталығының мәліметтері, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа жасалған мониторинг нәтижелері де әрекет етуге негіз болады.
Соңғы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
"Әр баладан 200-300 мың теңге": Алматыдағы мектепте бітіру кешіне қатысты шу шықты
Жаңалықтар
0