https://sputnik.kz/20260409/ar-baladan-200-300-myn-tenge-almatydagy-mektepte-bitiru-keshine-qatysty-shu-shyqty-62527037.html
"Әр баладан 200-300 мың теңге": Алматыдағы мектепте бітіру кешіне қатысты шу шықты
"Әр баладан 200-300 мың теңге": Алматыдағы мектепте бітіру кешіне қатысты шу шықты
Sputnik Қазақстан
Ведомствода осы мәселе бойынша алдын ала тергеу жүргізілгенін хабарлады 09.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-09T22:03+0500
2026-04-09T22:03+0500
2026-04-09T22:06+0500
мектеп
алматы
ақша
https://sputnik.kz/img/07e9/05/18/53847230_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_95990023c1269a9a87248349da8a47c2.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Алматыдағы мемлекеттік мектептердің бірінде бітіруші түлектерден жиналып жатқан қаражат көлеміне қатысты шу шықты.Мектепті бітіруге дайындалып жатқан оқушылардың бірінің анасы әлеуметтік желіде жазба қалдырып, қомақты қаражат жиналып жатқанына шағым айтқан. Ол жариялаған видеоүндеуге сәйкес, 138 оқушыдан ұйымдастырушылар бас-аяғы 41 миллион теңге жинамақ болған. Оның ішінде 9 миллион теңгені шоу-бағдарламаға жұмсау көзделген.Оқу-ағарту министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді. Ведомствода осы мәселе бойынша алдын ала тергеу жүргізілгенін хабарлады.Сол себепті жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған."Жалпы білім беру мекемесінің директоры қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және заңсыз қаражат жинаудың алдын алу үшін тиісті бақылаудың болмауы (ата-аналар комитеттері арқылы қоса алғанда) үшін тәртіптік жазаға тартылды. Тиісті аудандық білім беру бөлімінің басшысына да өз құзыреті шегіндегі алдын алу жұмыстарындағы кемшіліктер үшін тәртіптік жаза қолданылды", - деді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260318/almatyda-turgyndar-men-bank-arasynda-dau-shyqty-on-otbasy-dalada-qaluy-mumkin-61983891.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/18/53847230_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_df5f7aa2162994ad4f4a9375163201a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, алматы, ақша
"Әр баладан 200-300 мың теңге": Алматыдағы мектепте бітіру кешіне қатысты шу шықты
22:03 09.04.2026 (жаңартылды: 22:06 09.04.2026) Ведомствода осы мәселе бойынша алдын ала тергеу жүргізілгенін хабарлады
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Алматыдағы мемлекеттік мектептердің бірінде бітіруші түлектерден жиналып жатқан қаражат көлеміне қатысты шу шықты.
Мектепті бітіруге дайындалып жатқан оқушылардың бірінің анасы әлеуметтік желіде жазба қалдырып, қомақты қаражат жиналып жатқанына шағым айтқан. Ол жариялаған видеоүндеуге сәйкес, 138 оқушыдан ұйымдастырушылар бас-аяғы 41 миллион теңге жинамақ болған. Оның ішінде 9 миллион теңгені шоу-бағдарламаға жұмсау көзделген.
Оқу-ағарту министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді. Ведомствода осы мәселе бойынша алдын ала тергеу жүргізілгенін хабарлады.
"Қаражат жинау бастамасы ата-аналар тобынан туындағаны және ата-аналардың бейресми чаттарында талқыланғаны анықталды. Бастама жеке бастан болып отырғанына қарамастан, мектеп әкімшілігі мен аудандық білім беру бөлімі білім беру мекемесіндегі этикалық стандарттар мен ашықтық қағидаттарын қадағалаудың әлсіреуіне жол берді", - деп жазылған хабарламада.
Сол себепті жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған.
"Жалпы білім беру мекемесінің директоры қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және заңсыз қаражат жинаудың алдын алу үшін тиісті бақылаудың болмауы (ата-аналар комитеттері арқылы қоса алғанда) үшін тәртіптік жазаға тартылды. Тиісті аудандық білім беру бөлімінің басшысына да өз құзыреті шегіндегі алдын алу жұмыстарындағы кемшіліктер үшін тәртіптік жаза қолданылды", - деді министрлікте.