Шымкентте қыз бала тереңдігі 24 метр құдыққа құлап кетті

Құдық жеке тұрғын үй аумағында орналасқан
Sputnik
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Шымкентте қыз бала тереңдігі 24 метр құдыққа құлап кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқыс оқиға Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде болған.
Шымкентте қыз бала тереңдігі 24 метр құдыққа құлап кетті
"Осы мекенжайда орналасқан жеке тұрғын үй аумағындағы құдыққа ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті", - деді министрлікте.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жіберілген.
Құтқарушылар жеткен кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап алып шықты.
Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Шымкентте алма бақтарына арналған 430 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған