Шымкентте қыз бала тереңдігі 24 метр құдыққа құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневКәріз құдығы
Кәріз құдығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2026
Жазылу
Құдық жеке тұрғын үй аумағында орналасқан
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Шымкентте қыз бала тереңдігі 24 метр құдыққа құлап кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқыс оқиға Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде болған.
© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіШымкентте қыз бала тереңдігі 24 метр құдыққа құлап кетті
Шымкентте қыз бала тереңдігі 24 метр құдыққа құлап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2026
Шымкентте қыз бала тереңдігі 24 метр құдыққа құлап кетті
"Осы мекенжайда орналасқан жеке тұрғын үй аумағындағы құдыққа ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті", - деді министрлікте.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жіберілген.
Құтқарушылар жеткен кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап алып шықты.
Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Яблоневый сад - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2026
Шымкентте алма бақтарына арналған 430 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған
Жаңалықтар
0