https://sputnik.kz/20260416/shymkentte-alma-baqtaryna-arnalgan-430-mln-tengeden-astam-byudzhet-qarazhaty-zhymqyrylgan-62707335.html
Шымкентте алма бақтарына арналған 430 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған
Шымкентте алма бақтарына арналған 430 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған
Sputnik Қазақстан
Сот санкциясымен жалпы ауданы 108 гектар болатын құны 1 млрд теңгеден асатын жер участкелеріне тыйым салынды 16.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-16T11:08+0500
2026-04-16T11:08+0500
2026-04-16T11:16+0500
шымкент
қылмыс
бюджет
https://sputnik.kz/img/79/11/791135_0:240:4608:2832_1920x0_80_0_0_e84137a2ca4ec82e39a5b535ffe228d3.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Шымкентте интенсивті алма бақтарын құруға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.Бұл бағыттағы жобаларды қаржыландыру "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы жүзеге асырылған.Тергеу амалдарына сай, Қордың бұрынғы басқарма төрағасы байланысы бар тұлғалар мен бақылауындағы ұйымдарда, соның ішінде "Green Mart Kazakhstan" ЖШС-ін тарта отырып, мемлекеттік қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған.Соған қарамастан, жалған қабылдау-тапсыру актілері рәсімделіп, солардың негізінде бюджет қаражаты аударылған.Нәтижесінде мемлекетке 430 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілген.Бұдан бөлек, агроөнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шеңберінде бөлінген инвестициялық субсидияларды заңсыз алу фактілері де анықталды.Осы мақсатта ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, оларды арқылы бақтарды дамытуға және жұмсалған шығындарды өтеуге арналған субсидия алуға өтінімдер берілген.Нәтижесінде олардың шоттарына жалпы сомасы 327 млн теңгеден астам бюджет қаражаты аударылған.Сот санкциясымен жалпы ауданы 108 гектар болатын құны 1 млрд теңгеден асатын жер участкелеріне тыйым салынды.Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.Еске салсақ, аталған факт бойынша Қордың бұрынғы басқарушы директоры мен "Green Mart Kazakhstan" ЖШС-нің басшысы 4 автокөлікті тәркілеумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
https://sputnik.kz/20260408/astanada-emkhana-basshylygy-zhymqyrgan-byudzhet-qarazhatyn-italiyaga-sayakhatqa-zhumsagan-62505389.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/79/11/791135_256:0:4352:3072_1920x0_80_0_0_a02f32a6baa822c56dffd182fa8b2ef5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қылмыс, бюджет
Шымкентте алма бақтарына арналған 430 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған
11:08 16.04.2026 (жаңартылды: 11:16 16.04.2026) Сот санкциясымен жалпы ауданы 108 гектар болатын құны 1 млрд теңгеден асатын жер участкелеріне тыйым салынды
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Шымкентте интенсивті алма бақтарын құруға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Бұл бағыттағы жобаларды қаржыландыру "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы жүзеге асырылған.
Тергеу амалдарына сай, Қордың бұрынғы басқарма төрағасы байланысы бар тұлғалар мен бақылауындағы ұйымдарда, соның ішінде "Green Mart Kazakhstan" ЖШС-ін тарта отырып, мемлекеттік қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған.
"Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу белгіленген рәсімдерді бұза отырып негізінен бір көзден алу тәсілімен, бәсекелестік орта қамтамасыз етпей жүргізілген. Жабдықтардың, материалдардың және құрылыс-монтаж жұмыстардың құны жасанды түрде өсірілген, ал көзделген жұмыстардың бір бөлігі іс жүзінде орындалмаған", - дейді агенттікте.
Соған қарамастан, жалған қабылдау-тапсыру актілері рәсімделіп, солардың негізінде бюджет қаражаты аударылған.
Нәтижесінде мемлекетке 430 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілген.
Бұдан бөлек, агроөнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шеңберінде бөлінген инвестициялық субсидияларды заңсыз алу фактілері де анықталды.
Осы мақсатта ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, оларды арқылы бақтарды дамытуға және жұмсалған шығындарды өтеуге арналған субсидия алуға өтінімдер берілген.
Нәтижесінде олардың шоттарына жалпы сомасы 327 млн теңгеден астам бюджет қаражаты аударылған.
"Алайда нақтысында көрсетілген мақсаттарға қаражаттың тек шамамен 20%-ы ғана жұмсалып, қалған бөлігі 250 млн теңгеден астам қаржы сенімді адамдар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, мақсатсыз пайдаланылған", - деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігінде.
Сот санкциясымен жалпы ауданы 108 гектар болатын құны 1 млрд теңгеден асатын жер участкелеріне тыйым салынды.
Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Еске салсақ, аталған факт бойынша Қордың бұрынғы басқарушы директоры мен "Green Mart Kazakhstan" ЖШС-нің басшысы 4 автокөлікті тәркілеумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.