Астанада емхана басшылығы жымқырған бюджет қаражатын Италияға саяхатқа жұмсаған

Емхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Жазылу
Қазіргі таңда мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асты
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Елордада қалалық емханада бюджет қаражатын жымқыру схемасын әшкереленді, қалалық прокуратура.
Медициналық ұйымның бұрынғы жетекші құрамы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз шығару схемасын ұйымдастырған.
"Қаражаттар жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударылып, жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген. Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған", - дейді прокуратурада.
Қазіргі таңда мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асты.
Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде жымқыру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Баспана кілті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Ақтөбеде экс-депутаттар азаматтарды баспанамен қамтуға арналған қаражатты жымқырған
Жаңалықтар
0