Атырау облысында әкімдік тозған ғимаратты шамамен 400 млн теңгеге сатып алмақ болған

Тиісінше, нысанды сатып алғаннан кейін оны жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы талап етіледі
Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Атырау облысында ескі ғимаратты сатып алу фактісі анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Атырау облысы Жылыой ауданының әкімдігі тозған ғимаратты 389 мдн теңгеге сатып алмақ болған.
Аудандық бюджет комиссиясының 2025 жылдың 17 желтоқсанындағы шешімімен спорт кешенін сатып алуға 389 млн теңге бөлу мақұлданған.
"Алайда, әкімдік сатып алмақ болған нысанның тозығы жеткен. Тиісінше, нысанды сатып алғаннан кейін оны жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы талап етіледі, бұл екі есе шығынға әкеп соғады", - дейді прокуратурада.
Прокурорлар ғимпратты сатып алу туралы шешімнің күшін жойды.
Қостанайда субсидияны жымқырған 15 адамға сот үкімі шықты