https://sputnik.kz/20260409/qostanayda-subsidiyany-zhymqyrgan-15-adamga-sot-ukimi-shyqty-62511154.html
Қостанайда субсидияны жымқырған 15 адамға сот үкімі шықты
Қостанайда субсидияны жымқырған 15 адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңгеден астам залал келтірді 09.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-09T10:14+0500
2026-04-09T10:14+0500
2026-04-09T10:16+0500
субсидиялар
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қостанайда мемлекеттік субсидияны жымқырып, қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастырған 15 адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.Beef Export Group" ЖШС басшысы Пархоменко жетекшілік еткен қылмыстық топ субсидияларды заңсыз алу схемасын ұйымдастырған. Оған ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғалары, аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ветеринариялық мамандар қатысқан.Түскен қаражаттар сатып алынған малға төленгендей көрсетіліп, ақпараттық жүйелерге енгізілгеннен кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, бақылаудағы ұйымдардың шоттарына қайта аударылған.Сот үкімімен ұйымдастырушы Пархоменко А.Г. 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың 14 қатысушысына 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.Сонымен қатар, жалпы құны 3 млрд теңге болатын мүлік, оның ішінде 1,3 млн АҚШ доллары және 700 млн теңге тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
субсидиялар, сот үкімі
Қостанайда субсидияны жымқырған 15 адамға сот үкімі шықты
10:14 09.04.2026 (жаңартылды: 10:16 09.04.2026) Қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңгеден астам залал келтірді
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қостанайда мемлекеттік субсидияны жымқырып, қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастырған 15 адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Beef Export Group" ЖШС басшысы Пархоменко жетекшілік еткен қылмыстық топ субсидияларды заңсыз алу схемасын ұйымдастырған. Оған ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғалары, аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ветеринариялық мамандар қатысқан.
"Қаскөйлер ірі қара малды сатып алу және оны қайта өңдеу туралы құжаттарды жалған рәсімдеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде субсидия алып отырған", - деп жазылған хабарламада.
Түскен қаражаттар сатып алынған малға төленгендей көрсетіліп, ақпараттық жүйелерге енгізілгеннен кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, бақылаудағы ұйымдардың шоттарына қайта аударылған.
"Салдарынан мемлекетке 3 млрд теңгеден астам залал келтірілді. Тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңгеден астам қаражатты ерікті түрде өтеді", - дейді ведоство мамандары.
Сот үкімімен ұйымдастырушы Пархоменко А.Г. 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың 14 қатысушысына 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сонымен қатар, жалпы құны 3 млрд теңге болатын мүлік, оның ішінде 1,3 млн АҚШ доллары және 700 млн теңге тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.