Атырау облысында әкімдік тозған ғимаратты шамамен 400 млн теңгеге сатып алмақ болған

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства
Заседание правительства  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Жазылу
Тиісінше, нысанды сатып алғаннан кейін оны жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы талап етіледі
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Атырау облысында ескі ғимаратты сатып алу фактісі анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Атырау облысы Жылыой ауданының әкімдігі тозған ғимаратты 389 мдн теңгеге сатып алмақ болған.
Аудандық бюджет комиссиясының 2025 жылдың 17 желтоқсанындағы шешімімен спорт кешенін сатып алуға 389 млн теңге бөлу мақұлданған.
"Алайда, әкімдік сатып алмақ болған нысанның тозығы жеткен. Тиісінше, нысанды сатып алғаннан кейін оны жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы талап етіледі, бұл екі есе шығынға әкеп соғады", - дейді прокуратурада.
Прокурорлар ғимпратты сатып алу туралы шешімнің күшін жойды.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Қостанайда субсидияны жымқырған 15 адамға сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0