АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Таяу Шығыс бағытындағы рейстер тағы да уақытша тоқтады. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясы хабарлады.
"Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстерді 31 мамырға дейін тоқтатады", - деп хабарлады әуе компаниясы.
Ұшпайтын рейстердің жолаушыларына әуе компаниясы билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтарады немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстеріне тегін қайта брондауды ұсынады.
"Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды”, - дейді компанияда.