Air Astana Дубайға әуе рейстерін тоқтату мерзімін ұзартты

Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Жазылу
Ұшпайтын рейстердің жолаушыларына әуе компаниясы билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтарады
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Таяу Шығыс бағытындағы рейстер тағы да уақытша тоқтады. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясы хабарлады.
"Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстерді 31 мамырға дейін тоқтатады", - деп хабарлады әуе компаниясы.
Ұшпайтын рейстердің жолаушыларына әуе компаниясы билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтарады немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстеріне тегін қайта брондауды ұсынады.
"Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды”, - дейді компанияда.
В Тбилиси встретили первый авиарейс из Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2026
Таяу Шығыс елдеріне әуе рейстерін тоқтату мерзімі ұзартылды – Air Astana
Жаңалықтар
0