Таяу Шығыс елдеріне әуе рейстерін тоқтату мерзімі ұзартылды – Air Astana

© Photo : Пресс-служба Air Astana В Тбилиси встретили первый авиарейс из Атырау
В Тбилиси встретили первый авиарейс из Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығысқа тұрақты әуе рейстерін 10 наурызға дейін тоқтатады, деп хабарлайды әуе компаниясы.
"Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ бұл қалаларға билет сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды. Тегін қайта брондау 30 сәуірге дейін, билеттерді қайтару 11 наурызды қоса алғанда қолжетімді.
Еске сала кетейік, 5 наурызға қараған түні Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасап, елге 851 адамды жеткізген.
3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан Республикасына барлығы 12 рейс ұшып келді, нәтижесінде 2111 жолаушы елге оралды. Бүгінге жоспарланған рейстерді ескере отырып, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4000 азамат жеткізіледі.
Самолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2026
Таяу Шығыстан тағы екі мың қазақстандық жеткізіледі – рейстердің тізімі жарияланды
Жаңалықтар
0