Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция өсіп келеді

Көлік пен құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін шығындардың 9,6 процентке артуы - өсімнің негізгі себебі болып отыр
Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Еуразиялық даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасына арналған апта сайынғы макрошолуды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қаңтар-наурыз айларында 6,4 процентке өсті. Қаңтар-ақпанда бұл көрсеткіш 0,2% болған. Қазіргі өсімнің негізгі себебі – көлік пен құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін шығындардың 9,6 процентке артуы.
Банк есебіне сәйкес, инвестициялардың ішінде қарызға алынған қаражат та 8 %-ке өсіп, 18,9%-ке жетті.
"Дегенмен, қаржыландырудың басым бөлігі – 70,2 проценті кәсіпорындар мен халықтың өз ақшасы есебінен жасалып жатыр. Алдағы айларда инвестициялардың оң динамикасы сақталады деген болжам бар", - дейді банк мамандары.
Ресейде іскерлік белсенділік қалпына келе бастады. 2026 жылы сәуір айында Ресей Банкінің бизнес-климат индикаторы 2,2 тармақты құрады. Наурызда бұл көрсеткіш 0,1 тармаққа төмендеп кеткен еді.
Беларусьта төрт айдың ішінде ішкі жалпы өнімнің көлемі 0,4 процентке азайды. Ал қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 1,2 процентке төмендеген. Қазіргі кезде бөлшек тауар айналымы 6 процентке өскеннен кейін экономикалық белсенділік біртіндеп қалпына келе бастады.
Қырғызстанда ішкі жалпы өнімнің өсімі төрт айдың ішінде 10,1 процентке күшейді. Қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 8,8 процент болған.
Оған құрылыс саласы көп үлес қосты. Өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп (+13,4%), көтерме және бөлшек сауда (+14,8%) және негізгі капиталға салынған инвестициялар (+25,5%) өсті.
"Астана" қаржы орталығына тартылған инвестиция көлемі 21,5 млрд долларға жетті