https://sputnik.kz/20260420/qazaqstanda-negizgi-kapitalga-salyngan-investitsiyalar-osip-keledi-62816737.html
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция өсіп келеді
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция өсіп келеді
Sputnik Қазақстан
Көлік пен құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін шығындардың 9,6 процентке артуы - өсімнің негізгі себебі болып отыр 20.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-20T16:51+0500
2026-04-20T16:51+0500
2026-04-20T16:56+0500
еаэо
инвестиция
экономика
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22808566_0:342:3029:2047_1920x0_80_0_0_988c3e8e3a5866f2d1fa329143d9ad59.jpg
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Еуразиялық даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасына арналған апта сайынғы макрошолуды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қаңтар-наурыз айларында 6,4 процентке өсті. Қаңтар-ақпанда бұл көрсеткіш 0,2% болған. Қазіргі өсімнің негізгі себебі – көлік пен құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін шығындардың 9,6 процентке артуы. Банк есебіне сәйкес, инвестициялардың ішінде қарызға алынған қаражат та 8 %-ке өсіп, 18,9%-ке жетті. Ресейде іскерлік белсенділік қалпына келе бастады. 2026 жылы сәуір айында Ресей Банкінің бизнес-климат индикаторы 2,2 тармақты құрады. Наурызда бұл көрсеткіш 0,1 тармаққа төмендеп кеткен еді. Беларусьта төрт айдың ішінде ішкі жалпы өнімнің көлемі 0,4 процентке азайды. Ал қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 1,2 процентке төмендеген. Қазіргі кезде бөлшек тауар айналымы 6 процентке өскеннен кейін экономикалық белсенділік біртіндеп қалпына келе бастады. Қырғызстанда ішкі жалпы өнімнің өсімі төрт айдың ішінде 10,1 процентке күшейді. Қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 8,8 процент болған. Оған құрылыс саласы көп үлес қосты. Өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп (+13,4%), көтерме және бөлшек сауда (+14,8%) және негізгі капиталға салынған инвестициялар (+25,5%) өсті.
https://sputnik.kz/20260415/astana-qarzhy-ortalygyna-tartylgan-investitsiya-kolemi-215-mlrd-dollarga-zhetti-62691407.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22808566_300:0:3029:2047_1920x0_80_0_0_862e69cb8b6bcb2280e75486487b2c55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, инвестиция, экономика
еаэо, инвестиция, экономика
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция өсіп келеді
16:51 20.04.2026 (жаңартылды: 16:56 20.04.2026) Көлік пен құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін шығындардың 9,6 процентке артуы - өсімнің негізгі себебі болып отыр
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Еуразиялық даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасына арналған апта сайынғы макрошолуды жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қаңтар-наурыз айларында 6,4 процентке өсті. Қаңтар-ақпанда бұл көрсеткіш 0,2% болған. Қазіргі өсімнің негізгі себебі – көлік пен құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін шығындардың 9,6 процентке артуы.
Банк есебіне сәйкес, инвестициялардың ішінде қарызға алынған қаражат та 8 %-ке өсіп, 18,9%-ке жетті.
"Дегенмен, қаржыландырудың басым бөлігі – 70,2 проценті кәсіпорындар мен халықтың өз ақшасы есебінен жасалып жатыр. Алдағы айларда инвестициялардың оң динамикасы сақталады деген болжам бар", - дейді банк мамандары.
Ресейде іскерлік белсенділік қалпына келе бастады. 2026 жылы сәуір айында Ресей Банкінің бизнес-климат индикаторы 2,2 тармақты құрады. Наурызда бұл көрсеткіш 0,1 тармаққа төмендеп кеткен еді.
Беларусьта төрт айдың ішінде ішкі жалпы өнімнің көлемі 0,4 процентке азайды. Ал қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 1,2 процентке төмендеген. Қазіргі кезде бөлшек тауар айналымы 6 процентке өскеннен кейін экономикалық белсенділік біртіндеп қалпына келе бастады.
Қырғызстанда ішкі жалпы өнімнің өсімі төрт айдың ішінде 10,1 процентке күшейді. Қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 8,8 процент болған.
Оған құрылыс саласы көп үлес қосты. Өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп (+13,4%), көтерме және бөлшек сауда (+14,8%) және негізгі капиталға салынған инвестициялар (+25,5%) өсті.