"Астана" қаржы орталығына тартылған инвестиция көлемі 21,5 млрд долларға жетті

© Photo : АкордаПрезиденты Казахстана и Армении посетили МФЦА "Астана"
Президенты Казахстана и Армении посетили МФЦА Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2026
Жазылу
АХҚО соты 4,9 мыңнан астам істі қарады
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелерін таныстырды, деп хабарлады Ақорда.
Орталық құрылғаннан бастап тартылған инвестиция көлемі 21,5 миллиард долларға жетті (2025 жылдан бері – 7,2 миллиард доллар). Орталықтың басқаруындағы активтердің жалпы көлемі 5,4 миллиард долларды құрады.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев "Астана" қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады
Токаев принял управляющего Международным финансовым центром Астана Рената Бектурова - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2026
Тоқаев "Астана" қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады
Ренат Бектұровтың айтуынша, АХҚО қатысушылары ел бюджетіне 284,3 миллиард теңге салық төлеген (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша), былтырдың өзінде 135,9 миллиард теңге аударған.
"Салық түсімдері өсуіне негізінен қатысушылар санының артуы және олардың қызметінің жандануы әсер етті. Мәселен, 2025 жылдан бастап 1800-ден астам жаңа компания тіркелді. Орталық қатысушыларының жалпы саны 5400-ден асты", - деп жазылған хабарламада.
AIX биржасы құрылғаннан бері борыштық және үлестік капитал көлемі 12,4 миллиард долларға артты. 2023-2025 жылдардағы сауда-саттық 4 миллиард долларға жетті.
"Былтырдан бері АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы 1600-ден астам істі қарады, ал оның жалпы саны 4900-ден асты", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысына авиациялық-қаржылық экожүйені дамыту мақсатында Aviation Finance Hub іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ АХҚО геологиялық барлаудың бастапқы кезеңдеріндегі жобаларға инвестиция тартуды көздейтін арнайы платформаны іске қосты.
Жаңалықтар
0