Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық туралы шарт 30 жылдан кейін рәсімделді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, бұл келісімде жаңа ережелер бар
Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық қатынастар туралы шартты ратификациялайтын заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы орнатылған болатын. 2015 жылы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылды. Ал одақдастық қатынастар туралы шарт екі жыл бұрын ғана рәсімделді.
Осы орайда сенаторлар бүшінгі отырыста одақдастық туралы келісімнің неге 30 жылдан кейін ғана рәсімделгенін сұрады. Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, бұл келісімде жаңа ережелер бар.
"Ол ережелер алдымен қауіпсіздікпен байланысты. Мәселен, тараптар бір-бірінің мүддесіне қарсы блоктарға кірмейді. Ал қауіп-қатер мен әскери шабуыл кезінде консультациялар өткізеді", - деді Исетов.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық қатынастар туралы шартты саяси сигнал деп түсінуге де болады.
"Бұл - саяси сигнал. Демек, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одақтастық сипаты күшейді. Бізде ондай шарттар көп емес, көбінесе, көршілер - аймақтық серіктестерімізбен жасадық", - деді Исетов.
Айта кетері, 2024 жылы тамыз айында екі елдің басшысы осы шартқа қол қойған болатын. Содан кейін оны парламенттер ратификациялауы қажет.
Кәсіпкерлер тағы бір қордан ақша ала алады - сенат заңды мақұлдады