Кәсіпкерлер тағы бір қордан ақша ала алады - сенат заңды мақұлдады

© Sputnik / Санат ИмангалиевКәсіпкерлер тағы бір қордан ақша ала алады - сенат заңды мақұлдады
Кәсіпкерлер тағы бір қордан ақша ала алады - сенат заңды мақұлдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Жазылу
ОПЕК қорынан бөлінген қаржының жұмсалуы мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы қатаң бақылауда болады
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстан үкіметі мен ОПЕК Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ОПЕК Халықаралық даму қорының негізгі миссиясы – дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау. 50 жыл ішінде қор 30 млрд АҚШ долларынан астам қаржы бөліп, әлемнің 125 елінде 4 мыңнан астам жобаны іске асыруға көмектесті.
Ал Орталық Азия елдеріне соңғы 20 жылда 1,4 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салынды. Заңға сәйкес, ОПЕК қоры Қазақстанда толыққанды заңды тұлға ретінде танылып, тікелей салықтардан босатылып, сондай-ақ, оған халықаралық ұйымдарға берілетін иммунитеттер мен артықшылықтар беріледі.
Ал ОПЕК қоры Қазақстан үкіметіне әрбір жоба және оған бөлінетін қаржы туралы хабардар етеді. Кредит беру шарттары:
жылдық 2,5%-дан 5%-ға дейін;
6 айдан 24 айға дейін;
қарыз алу мерзімі 22 жылға дейін.
Ал жеке сектор жобалары үкіметпен келісіледі. Қор қызметінің негізгі бағыттары:
инфрақұрылымды салу және дамыту;
климаттың өзгеруіне қарсы шаралар;
азық-түлік қауіпсіздігі;
энергетикалық ауысымға жәрдемдесу;
цифрландыру және инновациялар;
шағын және орта бизнеске экономикалық мүмкіндіктер жасау.

"Бұл - нарықтық жағдайлармен салыстырғанда, әсіресе капиталды көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобалар үшін өте қолайлы жағдай болып есептеледі. Бұдан басқа, ОПЕК қорынан бөлінген қаржының жұмсалуы мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы қатаң бақылауда болатыны келісілген", - дейді сенаторлар.

ОПЕК логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2026
ОПЕК хатшылығы Қазақстанға арналған артық мұнай өндірісін өтеу кестесін жариялады
Жаңалықтар
0