https://sputnik.kz/20260416/qazaqstan-men-tazhikstan-arasyndagy-odaqdastyq-turaly-shart-30-zhyldan-keyin-rasimdeldi-62708875.html
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық туралы шарт 30 жылдан кейін рәсімделді
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық туралы шарт 30 жылдан кейін рәсімделді
Sputnik Қазақстан
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, бұл келісімде жаңа ережелер бар 16.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-16T11:50+0500
2026-04-16T11:50+0500
2026-04-16T11:53+0500
қазақстан
тәжікстан
сенат
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62182262_0:152:1128:787_1920x0_80_0_0_8d81a039b115b36dc10e6d1c2761cfdc.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық қатынастар туралы шартты ратификациялайтын заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы орнатылған болатын. 2015 жылы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылды. Ал одақдастық қатынастар туралы шарт екі жыл бұрын ғана рәсімделді.Осы орайда сенаторлар бүшінгі отырыста одақдастық туралы келісімнің неге 30 жылдан кейін ғана рәсімделгенін сұрады. Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, бұл келісімде жаңа ережелер бар.Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық қатынастар туралы шартты саяси сигнал деп түсінуге де болады."Бұл - саяси сигнал. Демек, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одақтастық сипаты күшейді. Бізде ондай шарттар көп емес, көбінесе, көршілер - аймақтық серіктестерімізбен жасадық", - деді Исетов.Айта кетері, 2024 жылы тамыз айында екі елдің басшысы осы шартқа қол қойған болатын. Содан кейін оны парламенттер ратификациялауы қажет.
https://sputnik.kz/20260129/kasipkerler-tagy-bir-qordan-aqsha-ala-alady---senat-zandy-maquldady-60767510.html
қазақстан
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62182262_0:46:1128:892_1920x0_80_0_0_85dc320415d67b00686998e28f879421.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, тәжікстан, сенат
қазақстан, тәжікстан, сенат
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық туралы шарт 30 жылдан кейін рәсімделді
11:50 16.04.2026 (жаңартылды: 11:53 16.04.2026) Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, бұл келісімде жаңа ережелер бар
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық қатынастар туралы шартты ратификациялайтын заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы орнатылған болатын. 2015 жылы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылды. Ал одақдастық қатынастар туралы шарт екі жыл бұрын ғана рәсімделді.
Осы орайда сенаторлар бүшінгі отырыста одақдастық туралы келісімнің неге 30 жылдан кейін ғана рәсімделгенін сұрады. Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, бұл келісімде жаңа ережелер бар.
"Ол ережелер алдымен қауіпсіздікпен байланысты. Мәселен, тараптар бір-бірінің мүддесіне қарсы блоктарға кірмейді. Ал қауіп-қатер мен әскери шабуыл кезінде консультациялар өткізеді", - деді Исетов.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақдастық қатынастар туралы шартты саяси сигнал деп түсінуге де болады.
"Бұл - саяси сигнал. Демек, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одақтастық сипаты күшейді. Бізде ондай шарттар көп емес, көбінесе, көршілер - аймақтық серіктестерімізбен жасадық", - деді Исетов.
Айта кетері, 2024 жылы тамыз айында екі елдің басшысы осы шартқа қол қойған болатын. Содан кейін оны парламенттер ратификациялауы қажет.