Астана әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды

Әуежайдан ұшатын рейстер ертерек немесе кешкі сағаттарға ауыстырылады
Sputnik
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Астана әуежайының баспасөз қызметі ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.
Жоспарлы жөндеу жұмыстары 15 сәуірден 31 мамырға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
"Осыған байланысты, осы уақытқа жоспарланған барлық рейс ерте немесе кешкі сағаттарға ауыстырылды. Сапарды жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз. Ағымдағы ұшу уақытын әуежайдың ресми сайтынан немесе әуе компаниясынан алдын ала тексеруді ұсынамыз", - деді әуежайда.
Бұл ретте әуежай терминалы және жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары шектеусіз қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Әуежай әкімшілігі жолаушылардан әуежайға ертерек келуді сұрайды:
ішкі рейстер үшін ұшудан кемінде 2 сағат бұрын;
халықаралық рейстер үшін ұшудан кемінде үш сағат бұрын.
"Қауіпсіздік тексеруі кезінде басқа жолаушылардың кешігуін болдырмау үшін үйден шықпас бұрын қол жүгі мен жолжүктің ішіндегіні алдын ала тексеріп, тыйым салынған заттардың тізімімен танысып алыңыз", - делінген хабарламада.
Қазақстанда 2028 жылға дейін төрт жаңа әуежай салынады – үкімет