Қазақстанда 2028 жылға дейін төрт жаңа әуежай салынады – үкімет

© Photo : Министерство транспорта КазахстанаЭскиз будущего аэропорта в Катон-Карагае показали министру транспорта Карабаеву
Эскиз будущего аэропорта в Катон-Карагае показали министру транспорта Карабаеву - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Жазылу
Азаматтық авиация саласын дамыту мәселелері үкімет отырысында талқыланды
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 20,8 млн жолаушы тасымалданды, әуежайларда 31,8 млн адамға қызмет көрсетілді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2028 жылға дейін 11 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген, оған 4 жаңа әуежай, 2 ұшу-қону жолағын салу, сондай-ақ 5 қаладағы инфрақұрылымдарды жаңғырту жұмыстары кіреді.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҚазақстан үкіметіндегі кеңес
Совещание в правительстве Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Қазақстан үкіметіндегі кеңес
Биыл халықаралық маршруттық желіні 30 елде 135 маршрутқа дейін кеңейту жоспарланып отыр (2024 жылы – 115 маршрут).
"Бүгінгі таңда еліміздің әуежайларында бір тонна отынның бағасы шамамен $800 тұрады, бұл оны көрші елдермен салыстырғанда тартымды ете түседі. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде Қазақстан әуежайларына жаңа шетелдік компаниялар келе бастады, олардың ішінде Centrum Air (Өзбекстан), Shiraq Avia (Армения), Martinair (Нидерланд), One Air (Ұлыбритания), Atlas Air (АҚШ), MNG Airlines (Түркия) және тағы да басқалары бар", деп жазылған хабарламада.
Премьер-министр шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу бойынша да кемшіліктер бар екенін атап өтті. Осындай ұшақтар қажет авиакомпанияларды қаржыландыру тетіктерін пысықтау тапсырылды.
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Барлық әуежай мен шекара бекетінде QR-код жүйесі болады - министр
Жаңалықтар
0