https://sputnik.kz/20250408/barlyq-auezhay-men-shekara-beketinde-qr-kod-zhuyesi-bolady--ministr-52293743.html
Барлық әуежай мен шекара бекетінде QR-код жүйесі болады - министр
Барлық әуежай мен шекара бекетінде QR-код жүйесі болады - министр
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде әуежайлар QR-кодтарды орналастыру үшін қосымша қаражат сұрап отыр 08.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-08T10:33+0500
2025-04-08T10:33+0500
2025-04-08T11:36+0500
әуежай
цифрландыру
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45201345_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_2e88cc55cf25083fb34c41980d8ff05c.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанға келетін туристерге қажетті қызметті брондауға арналған QR-код жүйесі барлық әуежай мен шекара бекетінде болады. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстанға келетін туристер кей кезде такси, байланыс, валюта айырбастау сияқты қызметтерден алданып жатады.Оның айтуынша, қазіргі кезде аэропорттар QR-кодтарды орналастыру үшін қосымша қаражат сұрап отыр.Алдағы уақытта TravelStan бірыңғай мобильдік қосымшасымен қонақ үйді брондау, билеттерді сатып алу, гидтер мен маршруттарды табу, такси шақыру және тағы басқа қызметтер қолжетімді болады. Оның негізгі функционалы жасанды интеллектке негізделген көмекші болады.Бұл жоба цифрлық даму министрлігімен алдын ала келісілді. Енді қаржыландыру мәселесін мәселесін шешу керек.
https://sputnik.kz/20250307/toqaev-auezhayda-kepilge-alyngan-ayeldi-qutqargan-almaty-turgynyn-marapattady-51441176.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45201345_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_aac1413ff8b8b08a8366dea04d2d6d81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, цифрландыру, үкімет
әуежай, цифрландыру, үкімет
Барлық әуежай мен шекара бекетінде QR-код жүйесі болады - министр
10:33 08.04.2025 (жаңартылды: 11:36 08.04.2025) Қазіргі кезде әуежайлар QR-кодтарды орналастыру үшін қосымша қаражат сұрап отыр
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанға келетін туристерге қажетті қызметті брондауға арналған QR-код жүйесі барлық әуежай мен шекара бекетінде болады. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанға келетін туристер кей кезде такси, байланыс, валюта айырбастау сияқты қызметтерден алданып жатады.
"Оның алдын алу үшін QR-код жүйесі жасалды. Оның ішінде такси, электронды SIM-карта, қонақ үй брондау, негізгі ақпарат пен тіркелу қызметтері жинақталды. Бұл QR-кодтар еліміздің 4 қаласында, яғни Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларында орналастырылған", - деді Мырзабосынов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде аэропорттар QR-кодтарды орналастыру үшін қосымша қаражат сұрап отыр.
"Осыған орай тәжірибені кең тарату үшін тиісті әкімдіктер мен көлік министрлігінің қолдауы қажет. QR-кодты барлық әуежайға, вокзал мен шекара өткеліне орналастыру керек", - деді министр.
Алдағы уақытта TravelStan бірыңғай мобильдік қосымшасымен қонақ үйді брондау, билеттерді сатып алу, гидтер мен маршруттарды табу, такси шақыру және тағы басқа қызметтер қолжетімді болады. Оның негізгі функционалы жасанды интеллектке негізделген көмекші болады.
Бұл жоба цифрлық даму министрлігімен алдын ала келісілді. Енді қаржыландыру мәселесін мәселесін шешу керек.