https://sputnik.kz/20260415/astana-auezhayynda-zhosparly-zhondeu-zhumystary-bastaldy-62673077.html
Астана әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды
Астана әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды
Sputnik Қазақстан
Әуежайдан ұшатын рейстер ертерек немесе кешкі сағаттарға ауыстырылады 15.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-15T12:56+0500
2026-04-15T12:56+0500
2026-04-15T12:59+0500
астана
әуежай
рейстер
https://sputnik.kz/img/257/02/2570239_0:309:3071:2036_1920x0_80_0_0_4311f8d32a748c57312f13aeacb1b656.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Астана әуежайының баспасөз қызметі ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.Жоспарлы жөндеу жұмыстары 15 сәуірден 31 мамырға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.Бұл ретте әуежай терминалы және жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары шектеусіз қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.Әуежай әкімшілігі жолаушылардан әуежайға ертерек келуді сұрайды:"Қауіпсіздік тексеруі кезінде басқа жолаушылардың кешігуін болдырмау үшін үйден шықпас бұрын қол жүгі мен жолжүктің ішіндегіні алдын ала тексеріп, тыйым салынған заттардың тізімімен танысып алыңыз", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20260413/qazaqstanda-2028-zhylga-deyin-tort-zhana-auezhay-salynady--ukimet-62633865.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/257/02/2570239_119:0:2850:2048_1920x0_80_0_0_1d9155d864f4221fb493f884551341da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, әуежай, рейстер
Астана әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды
12:56 15.04.2026 (жаңартылды: 12:59 15.04.2026) Әуежайдан ұшатын рейстер ертерек немесе кешкі сағаттарға ауыстырылады
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Астана әуежайының баспасөз қызметі ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.
Жоспарлы жөндеу жұмыстары 15 сәуірден 31 мамырға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
"Осыған байланысты, осы уақытқа жоспарланған барлық рейс ерте немесе кешкі сағаттарға ауыстырылды. Сапарды жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз. Ағымдағы ұшу уақытын әуежайдың ресми сайтынан немесе әуе компаниясынан алдын ала тексеруді ұсынамыз", - деді әуежайда.
Бұл ретте әуежай терминалы және жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары шектеусіз қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Әуежай әкімшілігі жолаушылардан әуежайға ертерек келуді сұрайды:
ішкі рейстер үшін ұшудан кемінде 2 сағат бұрын;
халықаралық рейстер үшін ұшудан кемінде үш сағат бұрын.
"Қауіпсіздік тексеруі кезінде басқа жолаушылардың кешігуін болдырмау үшін үйден шықпас бұрын қол жүгі мен жолжүктің ішіндегіні алдын ала тексеріп, тыйым салынған заттардың тізімімен танысып алыңыз", - делінген хабарламада.