АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру туралы бірнеше заңнамалық актіге түзетулерге қол қойды.
Атап айтқанда, кейбір түзетулер мынаны қарастырады:
еңбек қатынастарының кез келген белгілері болса, азаматтық-құқықтық сипатта келісімшарт жасауға тыйым салынады.
14 жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасы бойынша (тіпті қысқарту кезінде де) жұмыстан шығаруға тыйым салынады.
жұмысшының жазатайым оқиғалардағы кінәсінің дәрежесі 25%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді;
ер адамдардың декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде ескеріледі;
ереуілдер кезінде тараптар қауіпті өндірістерде жұмыстың ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге міндетті.