https://sputnik.kz/20260407/zhalgyzbasty-ata-analardy-zhumystan-shygaruga-tyyym-salynady---prezident-zanga-qol-qoydy-62469962.html
Жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынады - президент заңға қол қойды
Жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынады - президент заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
Бұл 14 жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты ата-анадарға қатысты болып отыр 07.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-07T18:16+0500
2026-04-07T18:16+0500
2026-04-07T18:18+0500
президент
заң
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07ea/03/11/61950963_0:45:1280:765_1920x0_80_0_0_6f1234477f4c85078c7001db7ad8c3ec.jpg
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру туралы бірнеше заңнамалық актіге түзетулерге қол қойды.Атап айтқанда, кейбір түзетулер мынаны қарастырады:
https://sputnik.kz/20260401/prezidentke-tikeley-bagynatyn-qyzmetkerlerdin-balalaryna-qatysty-zhenildik-zanga-engizildi-62315785.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/11/61950963_100:0:1180:810_1920x0_80_0_0_2dd916b8b1187f34a0449ed9e38c703f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, заң, жұмыс
Жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынады - президент заңға қол қойды
18:16 07.04.2026 (жаңартылды: 18:18 07.04.2026) Бұл 14 жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты ата-анадарға қатысты болып отыр
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру туралы бірнеше заңнамалық актіге түзетулерге қол қойды.
Атап айтқанда, кейбір түзетулер мынаны қарастырады:
еңбек қатынастарының кез келген белгілері болса, азаматтық-құқықтық сипатта келісімшарт жасауға тыйым салынады.
14 жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасы бойынша (тіпті қысқарту кезінде де) жұмыстан шығаруға тыйым салынады.
жұмысшының жазатайым оқиғалардағы кінәсінің дәрежесі 25%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді;
ер адамдардың декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде ескеріледі;
ереуілдер кезінде тараптар қауіпті өндірістерде жұмыстың ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге міндетті.