Президентке тікелей бағынатын қызметкерлердің балаларына қатысты жеңілдік заңға енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевПарламент ғимараты
Парламент ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Жазылу
Бұл арнаулы мемлекеттік органдарға, яғни ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы барлау қызметі және мемлекеттік күзет қызметіне қатысты болып отыр
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаттары арнаулы мемлекеттік органдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Болат Керімбектің айтуынша, заңда әскери және арнаулы оқу орындарына түсуге арналған конкурсты өткізу кезінде үміткерлердің ұпай саны тең болған жағдайда жекелеген санаттағы адамдарға басымдық беру тәртібі айқындалады.
"Мәселен, жетім балалар; мектепті "Алтын белгімен" бітірген түлектер және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және тағы басқа. "Білім туралы" және "Әскери қызмет туралы" заңдарда аталған мүмкіндіктер қарастырылған. Алайда, "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" заңында көзделмеген", - дейді Керімбек.
Бүгін депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Айта кетері, арнаулы мемлекеттік органдар - бұл президентке тікелей бағынатын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, барлау, қарсы барлау және күзет қызметін жүзеге асыратын арнайы құрылымдар. Оларға ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы барлау қызметі және мемлекеттік күзет қызметі жатады.
Кредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Кредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды
Жаңалықтар
0