Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Екі оқиға да бір тәулікте болған.
"Ақтөбе қаласы Есет батыр шағын ауданында 6 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құласа, Қандыағаш қаласында 4 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті", - дейді полиция.
Екі жағдайда да балалар ересектердің назарынан тыс қалып, терезедегі москит торын итеріп қалып, құлаған.
Қуанышқа қарай, балалардың денсаулығына ауыр зақым келген жоқ.
Атырауда сауда орталығында 14 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап кетті