Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті

© Sputnik / Владислав Воднев Ребенок у окна, архивное фото
 Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Екі оқиға да бір тәулікте болған.
"Ақтөбе қаласы Есет батыр шағын ауданында 6 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құласа, Қандыағаш қаласында 4 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті", - дейді полиция.
Екі жағдайда да балалар ересектердің назарынан тыс қалып, терезедегі москит торын итеріп қалып, құлаған.
Қуанышқа қарай, балалардың денсаулығына ауыр зақым келген жоқ.
Пожарно-тактические учения в ТРЦ Хан Шатыр   - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2026
Атырауда сауда орталығында 14 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап кетті
Жаңалықтар
0