Атырауда сауда орталығында 14 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап кетті

© Sputnik / Санат ИмангалиевПожарно-тактические учения в ТРЦ "Хан Шатыр"
Пожарно-тактические учения в ТРЦ Хан Шатыр   - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2026
Жазылу
Баланың ата-анасы бала тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Атырауда 14 жастағы жасөспірім сауда орталығының 3-қабатынан қауіпті жолмен түсуге бел буып, кіреберістің төбесінен құлап кеткен.
Полицияның хабарлауынша, бала ата-анасының тыйым салғанына қарамастан достарымен бірге сауда ойын-сауық орталығына кетіп қалған. Кейін әкесі ұлын іздеуге шығады. Әкесін көрген бала осылай қашпақ болған.
"14 жастағы жасөспірім ата-анасының қарауынсыз жүріп, қауіпсіздік талаптарын бұзып, биіктіктен секіріп жеңіл жарақат алды. Медициналық тексерістен кейін ата-анасымен бірге үйіне жіберілді", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нысанның қауіпсіздік шаралары бойынша қосымша тексеріс жүргізу үшін уәкілетті органдарға нұсқама жолданды.
Туалет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2026
Түркістан облысында 3 жасар бала даладағы әжетхана шұңқырына құлап кетті
Жаңалықтар
0