АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың қазіргі бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соңғы кезде теңге күшейіп келеді. Бүгінде доллар бағамы 478 теңгеге дейін түсті. Ұлттық банк басшысының айтуынша, теңгенің күшеюіне мұнай бағасының көтерілуі де әсер еткен. Себебі мұнай доллармен сатылады. Ал мұнай бағасы көтерілгеннен кейін экономикада валютаның мөлшері артты.
"Қазақстанның теңгесі өз тұрақтылығын дәлелдеді. Бұған дейін кейбір сарапшылар доллар мың теңгеге, тіпті, екі мың теңгеге дейін кетіп қалады деген. Сол кезде біз оған ешқандай себептер жоқ деп айтқанбыз. Бүгінде біз теңгенің тұрақты валюта екенін көріп отырмыз", - деді Сүлейменов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, бүгінде Қазақстан экспортының 50 проценті мұнайға тиесілі. Ал мұнай бағасы көтерілгенде бюджетке көп ақша түседі.