https://sputnik.kz/20260330/ulttyq-bank-tsifrlyq-tengege-qatysty-alayaqtyqtyn-kobeygenin-eskertti-62274594.html
Ұлттық банк цифрлық теңгеге қатысты алаяқтықтың көбейгенін ескертті
Ұлттық банк цифрлық теңгеге қатысты алаяқтықтың көбейгенін ескертті
Sputnik Қазақстан
Ұлттық банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайды, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T19:23+0500
2026-03-30T19:23+0500
2026-03-30T19:23+0500
алаяқтық
алаяқ
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893650_0:0:3562:2004_1920x0_80_0_0_a34d74663b0e5fe57c4d7733d7329f80.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк цифрлық теңгеге инвестиция салуға шақыратын алаяқтық оқиғалардың көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.Әлеуметтік желіде "цифрлық теңге мемлекеттік инвестициялық жобасы" жайында жарнама кеңінен тарала бастады. Онда алаяқтар мемлекет пен ұлттық банк атынан қысқа мерзім ішінде жоғары кіріс пен ақшаға кепілдік береді. Одан кейін фишингтік сайттарға өтуді сұрайды.Ал цифрлық теңге – ол ұлттық валютаның цифрлы түрі және заңды төлем құралы. Бірақ инвестициялық құралға жатпайды және пайда табуға арналмаған. Осыған байланысты ұлттық банк интернет желісіндегі жарнамаларда берілген сілтемеге өткенде және белгісіз нөмірлерден қоңырау түскенде сақ болуға шақырады.Консультация алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.
https://sputnik.kz/20260319/senatta-alayaqtarga-aldangan-otbasynyn-maselesi-koterildi-62016986.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893650_507:0:3187:2010_1920x0_80_0_0_472a726644b70434bd1615817d9ada15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, алаяқ, ұлттық банк
алаяқтық, алаяқ, ұлттық банк
Ұлттық банк цифрлық теңгеге қатысты алаяқтықтың көбейгенін ескертті
Ұлттық банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайды, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк цифрлық теңгеге инвестиция салуға шақыратын алаяқтық оқиғалардың көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде "цифрлық теңге мемлекеттік инвестициялық жобасы" жайында жарнама кеңінен тарала бастады. Онда алаяқтар мемлекет пен ұлттық банк атынан қысқа мерзім ішінде жоғары кіріс пен ақшаға кепілдік береді. Одан кейін фишингтік сайттарға өтуді сұрайды.
"Олар "шектеулі ұсыныс" немесе "соңғы мүмкіндік" деген желеумен қарапайым адамдарды жалған жобаға ақша салуға шақырады. Жалған платформаларда, әдетте, азаматтарды қайтадан ақша салуға итермелеу үшін "өсіп келе жатқан пайданы" көрсететін жеке кабинеттің көрінісі жасалады. Осылай алдау арқылы қаскөйлер азаматтардың қаржысына қол жеткізеді", - дейді банк мамандары.
Ал цифрлық теңге – ол ұлттық валютаның цифрлы түрі және заңды төлем құралы. Бірақ инвестициялық құралға жатпайды және пайда табуға арналмаған. Осыған байланысты ұлттық банк интернет желісіндегі жарнамаларда берілген сілтемеге өткенде және белгісіз нөмірлерден қоңырау түскенде сақ болуға шақырады.
"Ұлттық банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайтынын, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, түрлі инвестициялық пай қорларына және қаржы өнімдеріне ақша салуға ұсыныс білдірмейтінін, қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін еске салады", - делінген ресми хабарламада.
Консультация алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.