https://sputnik.kz/20260319/senatta-alayaqtarga-aldangan-otbasynyn-maselesi-koterildi-62016986.html
Сенатта алаяқтарға алданған отбасының мәселесі көтерілді
Сенатта алаяқтарға алданған отбасының мәселесі көтерілді
Sputnik Қазақстан
Құлағы естімейтін және сөйлейтін адамдар өз құқығын қорғау өте қиын 19.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-19T13:20+0500
2026-03-19T13:20+0500
2026-03-19T13:30+0500
сенат
кредит
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_16:0:1152:639_1920x0_80_0_0_009d26222d2ab72d8ce6a9cd4bd6add3.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Сенаттың бүгінгі отырысында алаяқтарға алданған отбасының мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жоғары палата депутаты Бибігүл Жексенбайға құлағы естімейтін және сөйлей алмайтын отбасы мүшелері арызданды. Олар бірнеше жылдан бері әділеттілік іздеп, өз мәселесінің шешімін таппай жүр.Алаяқтарға алданған отбасы кредитті төлей алмады. Соның салдарынан банк есепшоттарын бұғаттап тастады."Нәтижесінде мүгедектігі бар адамдар баспанасыз жүр, күн көруге ақшасы да, мүлкі де жоқ. Бір қызығы, қарызды қайтарып беру туралы сот шемімі 2021 жылы шығарылған болатын. Бірақ осы уақытқа дейін орындалмады. Себебі борышкердің мүлкі жоқ. Бірақ мүлік формалды түрде табылмай жатқанда сот шешімін орындамай жүре беруге бола ма? Ал Қылмыстық кодекстің 430-бабы бойынша сот шешімін орындамау қылмыс болып саналады", - деді сенатор.Оның айтуынша, құлағы естімейтін және сөйлейтін адамдар өз құқығын қорғау өте қиын. Себебі олар күнделікті цифрлық сервистер мен байланыс орталықтардың көмегін пайдалана алмайды.Сенаторлар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, алаяқтарға алданған әлеуметтік осал топтардың мәселесін қатысты сот шешімдерін орындаудың бірыңғай практикасын енгізуді талап етті. Сондай-ақ сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейту керек.
https://sputnik.kz/20260129/kasipkerler-tagy-bir-qordan-aqsha-ala-alady---senat-zandy-maquldady-60767510.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_147:0:999:639_1920x0_80_0_0_cd3b0cbf0c4a1a10f3e446f4b3d4a556.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, кредит, алаяқтық
Сенатта алаяқтарға алданған отбасының мәселесі көтерілді
13:20 19.03.2026 (жаңартылды: 13:30 19.03.2026) Құлағы естімейтін және сөйлейтін адамдар өз құқығын қорғау өте қиын
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Сенаттың бүгінгі отырысында алаяқтарға алданған отбасының мәселесі көтерілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары палата депутаты Бибігүл Жексенбайға құлағы естімейтін және сөйлей алмайтын отбасы мүшелері арызданды. Олар бірнеше жылдан бері әділеттілік іздеп, өз мәселесінің шешімін таппай жүр.
"Бұл отбасы бір құрылыс компаниясына миллиондап ақша салып, баспана алуды жоспарлаған. Бірақ компания басшысы үлескерлердің ақшасын алып, қашып кеткен. Зардап шеккен отбасы күн көру үшін кредитке алынған көлігін сатып жіберген. Алайда тағы алаяқтарға тап болды. Көлікті ұрлап кетті. Қазіргі кезде көлік жоқ, ал кредитті төлеу керек", - деді Жексенбай сенаттың бүгінгі отырысында.
Алаяқтарға алданған отбасы кредитті төлей алмады. Соның салдарынан банк есепшоттарын бұғаттап тастады.
"Нәтижесінде мүгедектігі бар адамдар баспанасыз жүр, күн көруге ақшасы да, мүлкі де жоқ. Бір қызығы, қарызды қайтарып беру туралы сот шемімі 2021 жылы шығарылған болатын. Бірақ осы уақытқа дейін орындалмады. Себебі борышкердің мүлкі жоқ. Бірақ мүлік формалды түрде табылмай жатқанда сот шешімін орындамай жүре беруге бола ма? Ал Қылмыстық кодекстің 430-бабы бойынша сот шешімін орындамау қылмыс болып саналады", - деді сенатор.
Оның айтуынша, құлағы естімейтін және сөйлейтін адамдар өз құқығын қорғау өте қиын. Себебі олар күнделікті цифрлық сервистер мен байланыс орталықтардың көмегін пайдалана алмайды.
Сенаторлар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, алаяқтарға алданған әлеуметтік осал топтардың мәселесін қатысты сот шешімдерін орындаудың бірыңғай практикасын енгізуді талап етті. Сондай-ақ сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейту керек.