"Теңге өз тұрақтылығын дәлелдеді": Ұлттық банк төрағасы доллар бағамын түсіндірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевҰлттық банк ғиараты
Ұлттық банк ғиараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Жазылу
Теңгенің күшеюіне мұнай бағасының көтерілуі де әсер еткен
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың қазіргі бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соңғы кезде теңге күшейіп келеді. Бүгінде доллар бағамы 478 теңгеге дейін түсті. Ұлттық банк басшысының айтуынша, теңгенің күшеюіне мұнай бағасының көтерілуі де әсер еткен. Себебі мұнай доллармен сатылады. Ал мұнай бағасы көтерілгеннен кейін экономикада валютаның мөлшері артты.
"Қазақстанның теңгесі өз тұрақтылығын дәлелдеді. Бұған дейін кейбір сарапшылар доллар мың теңгеге, тіпті, екі мың теңгеге дейін кетіп қалады деген. Сол кезде біз оған ешқандай себептер жоқ деп айтқанбыз. Бүгінде біз теңгенің тұрақты валюта екенін көріп отырмыз", - деді Сүлейменов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, бүгінде Қазақстан экспортының 50 проценті мұнайға тиесілі. Ал мұнай бағасы көтерілгенде бюджетке көп ақша түседі.
Купюра тенге на клавиатуре  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Ұлттық банк цифрлық теңгеге қатысты алаяқтықтың көбейгенін ескертті
Жаңалықтар
0