АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов үздік төрттіктің қатарына енді, деп хабарлайды olympic.kz.
Ширек финалда отандасымыз Жапония елінің өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Кано Кокиден 9-8 есебімен басым түсті.
Курбановтың келесі қарсыласы — Давид Наги (Венгрия). Жартылай финал 17:40-та басталады.
Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңі "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр.