Руслан Құрбанов әлем кубогының жартылай финалына шықты

Фехтование - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2026
Жазылу
Астанада шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов үздік төрттіктің қатарына енді, деп хабарлайды olympic.kz.
Ширек финалда отандасымыз Жапония елінің өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Кано Кокиден 9-8 есебімен басым түсті.
Курбановтың келесі қарсыласы — Давид Наги (Венгрия). Жартылай финал 17:40-та басталады.
Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңі "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында семсерлесуден қола медаль үшін бақ сынайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2025
Семсерлесуден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы тарихи медальді жеңіп алды
Жаңалықтар
0