Семсерлесуден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы тарихи медальді жеңіп алды

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында семсерлесуден қола медаль үшін бақ сынайды
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында семсерлесуден қола медаль үшін бақ сынайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2025
Жазылу
Бұл жарыста ел намысын Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Кирилл Проходов қорғады
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатында Франция командасын жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін қазақстандық семсершілер Ресей, Қытай мен Италия құрамасын жеңген болатын. Бірақ жартылай финалда Жапонияға бір ұпайға (42:41) ұтылып қалды.
Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде әйгілі Франция құрамасымен сайысқа түсті. Қазақстандық спортшылар бірден алға шығып, өз басымдығын соңына дейін сақтап қалды. Есеп - 45:31. Осылайша, Қазақстан құрамасы Грузияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұл жарыста ел намысын Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Кирилл Проходов қорғады.
Айта кетері, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының командалық жарысында медаль жеңіп алды. Бұған дейін 2023 жылы Руслан Құрбанов тек жекелей сында елге тарихи қола медаль әкелген болатын.
Қазақстан құрамасы Францияда өткен IPhO-2025 физика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Қазақстан құрамасы Францияда өткен физика олимпиадасынан 5 медаль жеңіп алды
Жаңалықтар
0