https://sputnik.kz/20250730/alem-chempionaty-qazaqstan-quramasy-semserlesuden-qola-medal-ushin-baq-synaydy-56048686.html
Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль үшін бақ сынайды
Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль үшін бақ сынайды
Sputnik Қазақстан
Қола медаль үшін Қазақстан құрамасы Венгрия – Франция жұбының жеңіліс тапқан командасымен кездеседі 30.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-30T15:38+0500
2025-07-30T15:38+0500
2025-07-30T15:43+0500
семсерші
чемпионат
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1e/56048513_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_87c8bc2e7379b63aa7918a5c53992eb0.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола медалі үшін таласады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде спортшыларымыз командалық сынның жартылай финалына дейін жетті.ҰОК хабарлағандай, жартылай финалда Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония құрамасына есе жіберді.Қола медаль үшін Қазақстан құрамасы Венгрия – Франция жұбының жеңіліс тапқан командасымен кездеседі.Тбилисидегі додада қазақстандық семсершілер алдымен Ресей құрамасын, одан кейін Қытайды (45/43) жеңді. Ал ширек финалда қазіргі әлем чемпионы Италия құрамасынан (45/43) басым түсті.
https://sputnik.kz/20250725/qazaqstan-quramasy-frantsiyada-otken--fizika-olimpiadasynan-5-medal-zhenip-aldy-55932007.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1e/56048513_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_dfb87440ad6a5bec0e5e9dcd8fdaeecb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семсерші, чемпионат
Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль үшін бақ сынайды
15:38 30.07.2025 (жаңартылды: 15:43 30.07.2025) Қола медаль үшін Қазақстан құрамасы Венгрия – Франция жұбының жеңіліс тапқан командасымен кездеседі
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола медалі үшін таласады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде спортшыларымыз командалық сынның жартылай финалына дейін жетті.
ҰОК хабарлағандай, жартылай финалда Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония құрамасына есе жіберді.
"Кездесу 42:41 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды. Айта кетерлігі, отандастарымыз жекпе-жектің соңына дейін басымдыққа ие болғанымен, жапониялықтар есепті теңестіріп, соңында жеңісті жұлып алды", - деп жазылған хабарламада.
Қола медаль үшін Қазақстан құрамасы Венгрия – Франция жұбының жеңіліс тапқан командасымен кездеседі.
Тбилисидегі додада қазақстандық семсершілер алдымен Ресей құрамасын, одан кейін Қытайды (45/43) жеңді. Ал ширек финалда қазіргі әлем чемпионы Италия құрамасынан (45/43) басым түсті.