"Қазақстан - Ресейдің стратегиялық әріптесі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз достық, тату көрші, өзара құрмет және бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген уақыт сынынан өтті. Қазақстан президенті, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша өткен жылдың қарашасында ынтымақтастығымызды дамыту бойынша маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді", - деді Мишустин.
"Ресей жетекші сыртқы сауда серіктестердің қатарында. Біз ұлттық экономикаға тікелей инвестиция тарту бойынша жетекші орынды иеленеміз. Сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларында: энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, цифрлық экономика саласында жаңа бірлескен жобаларды іске қосу үшін үлкен әлеует бар", - деді Мишустин.
"Негізгі мақсат - тауар айналымын жылына 30 миллиард долларға дейін ұлғайту, сондай-ақ екі елдің транзиттік әлеуетін кеңейту. Бизнесіміздің ешбір кедергісіз немесе бақылаусыз жұмыс істеуі үшін біз экономикалық пайдамызға басымдық береміз. Осы мақсатта біз жаңа цифрлық шешімдерді енгізіп жатырмыз. Мысалы, ағымдағы жылдың 11 ақпанында біз "навигациялық пломбалар" жобасын жүзеге асыра бастадық", - деді Біржанов.