https://sputnik.kz/20260325/qazaqstan-men-resey-arasyndagy-sauda-aynalymynyn-kolemi-30-mlrd-dollarga-zhaqyndady-62156502.html
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымының көлемі 30 млрд долларға жақындады
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымының көлемі 30 млрд долларға жақындады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды 25.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-25T20:12+0500
2026-03-25T20:12+0500
2026-03-25T20:17+0500
қазақстан
ресей
сауда
https://sputnik.kz/img/07ea/03/19/62154954_171:290:1107:816_1920x0_80_0_0_312b386cef7a5853cf6346a8fb204152.jpg
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді.Онда сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп, энергетика және көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.Ресей Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы елдер қатарында, деп хабарлады үкіметте. Мәселен, өткен жылдың 9 айында көршімізден 2,1 млрд доллар инвестиция тартылды. Ал 20 жыл ішінде ресейлік тікелей инвестициялар көлемі 28,5 млрд долларға жетті. Қазақстан РФ экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды."Сізді және қазақстандықтарды тарихи оқиғамен, жаңа Конституцияларыңыздың қабылдануымен шын жүректен құттықтаймын. Референдум нәтижесі Қазақстан халқының ел Президенті, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың заманауи әрі өркендеген мемлекет құру, республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру бағытын қолдайтынын нақтылай түсті", — деді Михаил Мишустин.
https://sputnik.kz/20260325/resey-premer-ministri-mikhail-mishustin-qazaqstanga-keldi-62154828.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/19/62154954_213:269:1026:878_1920x0_80_0_0_64ee9a7886c4e71973c80ef0b530e7b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, сауда
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымының көлемі 30 млрд долларға жақындады
20:12 25.03.2026 (жаңартылды: 20:17 25.03.2026) Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді.
Онда сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп, энергетика және көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында қазақ-ресей қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді. Соңғы жылдары өзара сауда көлемі 30 млрд доллар межесіне едәуір жақындады", — деді Олжас Бектенов.
Ресей Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы елдер қатарында, деп хабарлады үкіметте. Мәселен, өткен жылдың 9 айында көршімізден 2,1 млрд доллар инвестиция тартылды. Ал 20 жыл ішінде ресейлік тікелей инвестициялар көлемі 28,5 млрд долларға жетті. Қазақстан РФ экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды.
"Сізді және қазақстандықтарды тарихи оқиғамен, жаңа Конституцияларыңыздың қабылдануымен шын жүректен құттықтаймын. Референдум нәтижесі Қазақстан халқының ел Президенті, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың заманауи әрі өркендеген мемлекет құру, республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру бағытын қолдайтынын нақтылай түсті", — деді Михаил Мишустин.