https://sputnik.kz/20260326/qazaqstan-reseydin-strategiyalyq-seriktesi-zhane-odaqtasy---resey-premer-ministri--62160188.html
Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі және одақтасы - Ресей премьер-министрі
Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі және одақтасы - Ресей премьер-министрі
Sputnik Қазақстан
Ресей үкімет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді 26.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-26T08:50+0500
2026-03-26T08:50+0500
2026-03-26T08:50+0500
ресей
қазақстан
олжас бектенов
үкімет
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62159970_110:92:1802:1044_1920x0_80_0_0_68cc387a8b694d24c0015279419c8b85.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің Қазақстанға сапары жалғасып жатыр.26 наурызда Шымкентте Ресей премьер-министрі қатысатын Еуразиялық үкіметаралық кеңес ашылады. Ол сонымен қатар Digital Qazaqstan 2026 цифрлық форумында сөз сөйлейді.Бұған дейін Михаил Мишустин Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен кездесіп, екі ел арасындағы ежелден келе жатқан байланыстарды және одан әрі ынтымақтастық перспективаларды атап өткен болатын.Бұл 2030 жылға дейінгі Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы және екі елдің үкіметтері көшбасшылар қабылдаған шешімдердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді, деді премьер-министр.Ресей Қазақстанның ЕАЭО төрағалығының басымдықтарымен толықтай бөліседі және екі ел азаматтарының мүддесі үшін интеграцияны одан әрі нығайту бойынша бірлесіп жұмыс жұмыс істеуге дайын, деді премьер-министр.Бұдан бөлек министрлер бірлескен жобаларды талқылады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей бизнес операцияларын жеңілдету үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр.Айтуынша, бұл жоба одан әрі кеңейтілетін болады. Жоспарға барлық жүкқұжаттарын цифрландыру кіреді, бұл өзара сауданы ашық етпек.
https://sputnik.kz/20260325/qazaqstan-men-resey-arasyndagy-sauda-aynalymynyn-kolemi-30-mlrd-dollarga-zhaqyndady-62156502.html
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62159970_273:75:1553:1035_1920x0_80_0_0_a80c0d457bfefecf8db1db16891adf32.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қазақстан, олжас бектенов, үкімет
ресей, қазақстан, олжас бектенов, үкімет
Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі және одақтасы - Ресей премьер-министрі
Ресей үкімет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің Қазақстанға сапары жалғасып жатыр.
26 наурызда Шымкентте Ресей премьер-министрі қатысатын Еуразиялық үкіметаралық кеңес ашылады. Ол сонымен қатар Digital Qazaqstan 2026 цифрлық форумында сөз сөйлейді.
Бұған дейін Михаил Мишустин Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен кездесіп, екі ел арасындағы ежелден келе жатқан байланыстарды және одан әрі ынтымақтастық перспективаларды атап өткен болатын.
"Қазақстан - Ресейдің стратегиялық әріптесі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз достық, тату көрші, өзара құрмет және бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген уақыт сынынан өтті. Қазақстан президенті, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша өткен жылдың қарашасында ынтымақтастығымызды дамыту бойынша маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді", - деді Мишустин.
Бұл 2030 жылға дейінгі Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы және екі елдің үкіметтері көшбасшылар қабылдаған шешімдердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді, деді премьер-министр.
"Ресей жетекші сыртқы сауда серіктестердің қатарында. Біз ұлттық экономикаға тікелей инвестиция тарту бойынша жетекші орынды иеленеміз. Сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларында: энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, цифрлық экономика саласында жаңа бірлескен жобаларды іске қосу үшін үлкен әлеует бар", - деді Мишустин.
Ресей Қазақстанның ЕАЭО төрағалығының басымдықтарымен толықтай бөліседі және екі ел азаматтарының мүддесі үшін интеграцияны одан әрі нығайту бойынша бірлесіп жұмыс жұмыс істеуге дайын, деді премьер-министр.
Бұдан бөлек министрлер бірлескен жобаларды талқылады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей бизнес операцияларын жеңілдету үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр.
"Негізгі мақсат - тауар айналымын жылына 30 миллиард долларға дейін ұлғайту, сондай-ақ екі елдің транзиттік әлеуетін кеңейту. Бизнесіміздің ешбір кедергісіз немесе бақылаусыз жұмыс істеуі үшін біз экономикалық пайдамызға басымдық береміз. Осы мақсатта біз жаңа цифрлық шешімдерді енгізіп жатырмыз. Мысалы, ағымдағы жылдың 11 ақпанында біз "навигациялық пломбалар" жобасын жүзеге асыра бастадық", - деді Біржанов.
Айтуынша, бұл жоба одан әрі кеңейтілетін болады. Жоспарға барлық жүкқұжаттарын цифрландыру кіреді, бұл өзара сауданы ашық етпек.