"Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қалай дамып келе жатқаны өзіңізге мәлім. Қазірдің өзінде құны 25 миллиард долларға жуық 122 ірі жоба іске асырылды. Сауда көлемі 30 миллиард долларға жақындады. Бұл жақсы нәтиже деуге болады. Ресей біздің негізгі сауда-экономикалық, инвестициялық серіктесіміз саналады. Бұған әрине, қуаныштымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Біз мамыр айындағы сапарға дайындалып жатырмыз. Үкімет бұл сапар да алдыңғы сапарлар сияқты сәтті өтуі үшін барлығын жасап жатыр. Сіздің өткен қарашада Ресей Федерациясына жасаған сапарыңызды қуанышпен еске аламыз. Қазіргі уақытта үкімет сіз, біздің басшылар қойған барлық міндеттерді орындап жатыр. Сіз тауар айналымын атап өттіңіз. Расында, біз бір кездері 30 миллиард долларға жетуді жоспарлаған едік, бірақ қазірдің өзінде жақындап қалдық", - деді Мишустин.
26-27 наурызда Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады және Шымкентте өтетін Digital Qazaqstan 2026 форумында сөз сөйлейді.