Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады
Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Жазылу
Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесті.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады
Касым-Жомарт Токаев встретился с премьер-министром России Михаилом Мишустиным в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қарым-қатынастың нығайып келе жатқаны аталып өтті. Сондай-ақ өзара тиімді диалог пен жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қарқын алғанына назар аударылды.
Мемлекет басшысының айтуынша, Михаил Мишустиннің Шымкент қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына және Цифрлық форумға қатысуы Қазақстан-Ресей байланыстарының айрықша сипатын және оны одан әрі өрістетуге қос тараптың ұмтылысын тағы да растайды.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады
Касым-Жомарт Токаев встретился с премьер-министром России Михаилом Мишустиным в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

"Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қалай дамып келе жатқаны өзіңізге мәлім. Қазірдің өзінде құны 25 миллиард долларға жуық 122 ірі жоба іске асырылды. Сауда көлемі 30 миллиард долларға жақындады. Бұл жақсы нәтиже деуге болады. Ресей біздің негізгі сауда-экономикалық, инвестициялық серіктесіміз саналады. Бұған әрине, қуаныштымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әңгімелесу барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне баса мән берілді.
Мемлекет басшысы Астана алдағы сапарды екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуға тың серпін беретін өте маңызды шара ретінде қарастыратынын жеткізді.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады
Премьер-министр России Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады
Премьер-министр Ресей президенті Владимир Путиннің ізгі тілегін жеткізіп, Тоқаевқа ресейлік делегацияны жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтты.

"Біз мамыр айындағы сапарға дайындалып жатырмыз. Үкімет бұл сапар да алдыңғы сапарлар сияқты сәтті өтуі үшін барлығын жасап жатыр. Сіздің өткен қарашада Ресей Федерациясына жасаған сапарыңызды қуанышпен еске аламыз. Қазіргі уақытта үкімет сіз, біздің басшылар қойған барлық міндеттерді орындап жатыр. Сіз тауар айналымын атап өттіңіз. Расында, біз бір кездері 30 миллиард долларға жетуді жоспарлаған едік, бірақ қазірдің өзінде жақындап қалдық", - деді Мишустин.

Михаил Мишустин Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Бір күн бұрын ол премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
26-27 наурызда Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады және Шымкентте өтетін Digital Qazaqstan 2026 форумында сөз сөйлейді.
Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі және одақтасы - Ресей премьер-министрі
Жаңалықтар
0