АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстанда көмір электр стансаларының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкімет көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітті. Осы жоба аясында 4,5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Сондай-ақ, сала қызметкерлерін ауқымды әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылып отыр.
"Отбасы банкімен" бірлесіп көмір электр стансаларының қызметкерлері үшін жеңілдікті ипотека енгізіледі. Одан бөлек салалық жоғары оқу орындарының базасында мамандардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру жоспарланған", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін мәжіліс депутаттары жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосуды ұсынған болатын.