https://sputnik.kz/20260128/mazhiliste-memlekettik-qyzmetkerlerge-arzan-ipoteka-beru-maselesi-koterildi-60745076.html
Мәжілісте мемлекеттік қызметкерлерге арзан ипотека беру мәселесі көтерілді
Мәжілісте мемлекеттік қызметкерлерге арзан ипотека беру мәселесі көтерілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Депутат Ерлан Стамбеков мемлекеттік қызметте барлық қара жұмысты істейтін мамандарға арзан ипотека беруді ұсынды, деп хабарлайды... 28.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-28T17:20+0500
2026-01-28T17:20+0500
2026-01-28T17:20+0500
баспана
мәжіліс
ипотека
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a6ac378d34601c028ade9769949bc3ee.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Депутат Ерлан Стамбеков мемлекеттік қызметте барлық қара жұмысты істейтін мамандарға арзан ипотека беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде мемлекеттік аппаратта бөлім басшылары мен қатардағы мамандардың жұмыс жүктемесі аз емес."Дәл осы қызметкерлер қиын әрі жауаптың жұмыстың негізгі көлемін орындайды. Бірақ олардың жалақысы 180 мың теңгеден басталады. Ондай ақы жауапкершілік пен жүктеменің деңгейіне сәйкес келмейді", - дейді Стамбеков.Депутаттың айтуынша, бұған дейін мемлекеттік қызметте енгізілген балдық жүйе басшылықтың жалақысын ғана көтерді. Ал қатардағы мемлекеттік қызметкерлердің айлығы көп өзгерген жоқ. Олар дәрігерлер мен мұғалімдер сияқты қосымша табыс та таба алмайды. Соның салдарынан көбісі басқа салаға ауысып жатыр. Мемлекеттік қызметте кадр тапшылығы анық байқалады.Осы орайда Стамбеков үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, орта және төмен буын қызметкерлерінің жалақысын жұмыс жүктемесіне сай төлеуді сұрады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер үшін Отбасы банкі арқылы алғашқы жарнасыз арзан ипотека беруді ұсынды. Ал банктің сыйақысын мемлекет есебінен төлеу керек деп санайды."Ондай ипотеканың проценттік мөлшерлемесін субсидиялау үйдің өтемақысын толығымен берумен салыстырғанда әлдеқайда тиімді. Осы шаралардың арқасында әсіресе шалға аймақтарда мемлекеттік қызметке жас мамандарды тартуға негіз болады", - деді Стамбеков.
https://sputnik.kz/20251105/ipoteka-qashan-20-protsentke-deyin-tomendeydi--agenttik-basshysy-zhauap-berdi-58457432.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_cf61408eb3590e218edd5b9b8fbb4611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, мәжіліс, ипотека
баспана, мәжіліс, ипотека
Мәжілісте мемлекеттік қызметкерлерге арзан ипотека беру мәселесі көтерілді
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Депутат Ерлан Стамбеков мемлекеттік қызметте барлық қара жұмысты істейтін мамандарға арзан ипотека беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде мемлекеттік аппаратта бөлім басшылары мен қатардағы мамандардың жұмыс жүктемесі аз емес.
"Дәл осы қызметкерлер қиын әрі жауаптың жұмыстың негізгі көлемін орындайды. Бірақ олардың жалақысы 180 мың теңгеден басталады. Ондай ақы жауапкершілік пен жүктеменің деңгейіне сәйкес келмейді", - дейді Стамбеков.
Депутаттың айтуынша, бұған дейін мемлекеттік қызметте енгізілген балдық жүйе басшылықтың жалақысын ғана көтерді. Ал қатардағы мемлекеттік қызметкерлердің айлығы көп өзгерген жоқ. Олар дәрігерлер мен мұғалімдер сияқты қосымша табыс та таба алмайды. Соның салдарынан көбісі басқа салаға ауысып жатыр. Мемлекеттік қызметте кадр тапшылығы анық байқалады.
Осы орайда Стамбеков үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, орта және төмен буын қызметкерлерінің жалақысын жұмыс жүктемесіне сай төлеуді сұрады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер үшін Отбасы банкі арқылы алғашқы жарнасыз арзан ипотека беруді ұсынды. Ал банктің сыйақысын мемлекет есебінен төлеу керек деп санайды.
"Ондай ипотеканың проценттік мөлшерлемесін субсидиялау үйдің өтемақысын толығымен берумен салыстырғанда әлдеқайда тиімді. Осы шаралардың арқасында әсіресе шалға аймақтарда мемлекеттік қызметке жас мамандарды тартуға негіз болады", - деді Стамбеков.