Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында күтетінін жеткізіп хат жолдады

АҚШ президенті Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Тоқаевпен кездесуді ықыласпен еске алды
Sputnik
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
"Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан президентімен кездесуді ықыласпен еске алды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді.
Тоқаев пен Трамп не туралы сөйлескені белгілі болды