Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында күтетінін жеткізіп хат жолдады

© Photo : АкордаҚазақстан мен АҚШ президенттері Бейбітшілік кеңесінде
Қазақстан мен АҚШ президенттері Бейбітшілік кеңесінде - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2026
Жазылу
АҚШ президенті Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Тоқаевпен кездесуді ықыласпен еске алды
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
"Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан президентімен кездесуді ықыласпен еске алды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2026
Тоқаев пен Трамп не туралы сөйлескені белгілі болды
Жаңалықтар
0