Тоқаев пен Трамп не туралы сөйлескені белгілі болды

© Photo : АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2026
Жазылу
БАҚ өкілдері президенттер арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдаған
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсімінде Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Америка президенті Дональд Трамп не туралы сөйлескенін айтты.
Оның сөзінше бірқатар БАҚ өкілдері президенттер арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдаған.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған "Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі" деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды", - деп жазды Желдібай.
Бұдан бөлек, президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.
Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан.
Жаңалықтар
0