АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Cove Kaz Capital Group LLC бас директоры Доминик Хитонмен келіссөздер жүргізді.
Тараптар тау-кен өнеркәсібі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны келешекте дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстан америкалық компанияға республикадан вольфрамды экспорттауға тыйым салды
2025 жылғы қарашада "Тау-Кен Самұрық "ҰТК" АҚ мен "Cove Capital" компаниясы Қарағанды облысы аумағындағы әлемдегі ең ірі кен орындарының қатарына кіретін Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақтыны бірлесіп игеру туралы келісім жасасқан болатын. Келісім шарт бойынша инвестор екі байыту фабрикасы мен бір металлургиялық зауыттың құрылысына 1,1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға міндеттелді.
"Келісімде стратегиялық маңызды шарт ретінде шикізат пен жартылай дайын өнімдерді экспорттауға тыйым салу талаптары өз алдына жеке бекітілген. Өндіріс тек терең өңдеуге бағытталады", - делінген хабарламада.
Жоба толық іске қосылғанда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны шамамен мың адамды құрайды. Бұл ретте қазақстандық мамандарды жұмысқа қабылдауға басымдық берілмек.