Қазақстан америкалық компанияға республикадан вольфрамды экспорттауға тыйым салды

© Photo : Компания "Тау-Кен Самрук"Қазақстан америкалық компанияға республикадан вольфрамды экспорттауға тыйым салды
Қазақстан америкалық компанияға республикадан вольфрамды экспорттауға тыйым салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2026
Жазылу
Индустрия және құрылыс министрі компания басшылығымен келіссөз жүргізді
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Cove Kaz Capital Group LLC бас директоры Доминик Хитонмен келіссөздер жүргізді.
Тараптар тау-кен өнеркәсібі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны келешекте дамыту мәселелерін талқылады.
© Photo : Пресс-служба Министерства промышленности и строительства КазахстанаҚазақстан америкалық компанияға республикадан вольфрамды экспорттауға тыйым салды
Глава Минпромстроя Казахстана Ерсайын Нагаспаев и гендиректор Cove Kaz Capital Group LLC Доминик Хитон провели переговоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2026
Қазақстан америкалық компанияға республикадан вольфрамды экспорттауға тыйым салды
2025 жылғы қарашада "Тау-Кен Самұрық "ҰТК" АҚ мен "Cove Capital" компаниясы Қарағанды облысы аумағындағы әлемдегі ең ірі кен орындарының қатарына кіретін Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақтыны бірлесіп игеру туралы келісім жасасқан болатын. Келісім шарт бойынша инвестор екі байыту фабрикасы мен бір металлургиялық зауыттың құрылысына 1,1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға міндеттелді.

"Келісімде стратегиялық маңызды шарт ретінде шикізат пен жартылай дайын өнімдерді экспорттауға тыйым салу талаптары өз алдына жеке бекітілген. Өндіріс тек терең өңдеуге бағытталады", - делінген хабарламада.

Жоба толық іске қосылғанда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны шамамен мың адамды құрайды. Бұл ретте қазақстандық мамандарды жұмысқа қабылдауға басымдық берілмек.
Виды города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
Швейцария Қазақстанға жиырма жылда 35,8 млрд доллар инвестиция құйды
Жаңалықтар
0